Қазақстандық келіншек енесінің атына несие рәсімдеймін деп істі болды

Жамбыл облысында бір үйдің келіні енесінің рұқсатынсыз оның атына несие рәсімдеп, бір жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2025 жылы қарашада сотталушы өз атына несие рәсімдей алмай, қайын енесінің хабардар екеніне сендіріп белгісіз адамнан енесінің атына несие рәсімдеуді сұраған. Сотталушы қайын енесінің телефонын алып, растау кодын айтып, алдап енесінің бет-әлпетін онлайн тексеруден өткізген.
Сөйтіп әйел 1,5 миллион теңге көлемінде несие ресімдеп, оның 1,1 миллион теңгесі жәбірленушінің шотына түскен. Сотталушы осы соманы өз шотына аударып, оларды өз қажетіне жұмсаған.
“Жәбірленушінің өзі несие туралы ай сайынғы төлем пайда болғаннан кейін ғана білген. Сотталушының кінәсі тараптардың айғақтарымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді”, – деп мәлімдеді облыстық сот.
Прокурор әйелге 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал сотталушы өз кезегінде кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.
Түркістандық келін енесін тонап, ақшаны құмар ойынға жұмсаған
ОқыңызЖәбірленуші азаматтық талап қоюды қанағаттандыруды және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.
Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігінің санкциясы 1000 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Сот кінәні мойындауын, жасаған ісіне өкінуін және жас балаларының болуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.
“Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Жәбірленушінің 1,5 млн теңге сомасына материалдық залалды өтеу туралы азаматтық талап қоюы толығымен қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді”, – делінген сот үкімінде.
Бұған дейін ақтөбелік жігіт анасының ауырып жатқанын пайдаланып, 10 миллион теңгені аударып алған еді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған