Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тұруға ықтиярхат алу үшін қазақ тілін білу талабы B2 деңгейіне дейін көтерілді

Тест шешіп отырған ер адамФото: shutterstock

Қазақстанда тұруға ықтиярхат алуға үміткер шетел азаматтары үшін қазақ тілін меңгеру дәрежесі B2 деңгейіне дейін көтерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа талап туралы Виктория Лаухина есімді желі қооданушысы мәлімдеді.

"Енді тұруға ықтиярхат (ВНЖ) алу үшін қазақ тілін B2 деңгейінде меңгергеніңізді растау қажет", — дейді TikTok желісіндегі видеосында.

Желі қолданушылыраның айтуынша, осыған ұқсас ақпарат migration.enbek.kz сайтында да пайда болған. Жазбада құжаттарды рәсімдеу және тұру мәртебесін растау талаптарына енгізілген өзгерістер көрсетілген.

Тредстегі жазба

Testcenter.kz сайтында қазақ тілінен сынақ тестілеудің құны 2311 теңге екені көрсетілген.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 13 Сәуір, 2026 21:32