Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда импорттық тауарлар арзандамақ: Мамандар кәсіпкерлерге шетелден өнімдерді көбірек алуға кеңес берді

Ноутбук және қораптар салынған арба

Доллардың әлсіреуіне байланысты Қазақстанда тұрмыстық техника арзандауы мүмкін. Қазір доллар шамамен 470 теңге болып тұр. Дегенмен экономистер бұдан баға құлдырамайды, тек аздап төмендеу дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Маманның айтуынша, қазір шетелдік өнімдерді алып алған жөн.

"Шетелден импорттайтын кәсіпкерлер үшін валюта бағамы азды-көпті қолайлы және тартымды болып тұр. Қазір көптеп сатып алуымыз керек. Мүмкін, келесі айда кешіктірілген әсерді ескере отырып, импортталған тауарлар азды-көпті арзандайтын шығар. Мысалы тұрмыстық техника мен автомобильдердің бағасы бірнеше пайыз аздап төмендеуі мүмкін. Бірақ 10-20% емес”, – деді экономист Арман Байғанов.

Доллар екі жыл бұрынғы деңгейге жетті. Соңғы рет мұндай 2024 жылдың жазында болған.

Еске сала кетейік, ол Таяу Шығыстағы қақтығыстан әлсірей бастады. Сарапшылардың пікірінше, теңгенің нығаюына аймақтағы геосаяси қақтығыс көп әсер етті. Ормуз бұғазының ішінара жабылуы мұнай бағасының өсуіне әкеліп соқты, бұл валюта бағамына әсер етті.

Сонымен қатар ішкі факторларға байланысты ұлттық валюта нығаюы мүмкін еді. Мысалы, Қазақстанның салық саясатындағы өзгерістер оның тұрақтылығына әсер еткен болуы мүмкін. Бюджетті ішкі кірістер арқылы толықтыру теңгенің тұрақтылығына әсер етті. Дегенмен Таяу Шығыстағы қақтығыс шешіліп, мұнай бағасы төмендесе, жағдай өзгеруі мүмкін. 

Еңлік Сақтан
Сейсенбі, 07 Сәуір, 2026 08:16