Қазақстанда декреттік төлемдер енді жаңа тәртіппен тағайындалады

Қазақстанда декреттік төлемдерді бақылауды күшейту жоспарланып отыр. Енді оны алу үшін табысты мұқият дәлелдеу талап етіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 7 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Өзгерістер Жоғары аудиторлық палатаның тексерісінен кейін ұсынылды. Осылайша билік алаяқтық тәуекелдерін азайтуды көздеп отыр.
"Егер адам табысын қолма-қол алса, оны растау үшін кассалық чектер немесе арнайы мобильді қосымшадағы деректер ұсынылуы керек. Сонымен қатар табысты дәлелдеу үшін әлеуметтік салықтың төленгені және міндетті медициналық сақтандыру қорына жарналардың аударылғаны туралы мәліметтер де ескеріледі. Ал табыс өзгертілген жағдайда, ол салық декларациясындағы деректермен салыстырылып тексеріледі”, – деді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төрағасының орынбасары Марат Жәнібеков.
ОқыңызСонымен қатар ол елде делдалдар пайда болғанын да атап өтті. Олар декреттегі әйелдерге жұмыссыздық жәрдемақысын рәсімдеп, бір уақытта екі төлем алуды ұсынады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мұның заңсыз екенін ескертті.