Қазақстан Азия чемпионатында Үндістан мен Өзбекстан құрамаларын басып озып, жалпы есепте көш бастады

Фото:ҚБФ/Айбек Оралбай

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен бокстан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дүбірлі додада қазақстандық боксшылар 6 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль жеңіп алып, барлығы 13 жүлдемен командалық есепте көш бастады.
Екінші орынға 5 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлдемен Үндістан құрамасы жайғасса, үздік үштікті 3 алтын, 4 күміс, 4 қоламен Өзбекстан түйіндеді.
Айта кетейік, бұл жарысқа Өзбекстанның бірінші нөмірлі боксшылары қатысқан жоқ.
Қазақстан сапынан алтын медаль иеленгендер:
65 келіде – Оразбек Асылқұлов,
75 келіде – Сабыржан Аққалықов,
85 келіде – Нұрбек Оралбай,
аса ауыр салмақта – Айбек Оралбай,
80 келіде – Надежда Рябец,
+80 келіде – Дина Исламбекова.
Күміс жүлде алғандар:
70 келіде – Төрехан Сабырхан,
Бақыт Сейдіш.
Қола жүлдегерлер:
55 келіде – Махмұд Сабырхан,
65 келіде – Ертуған Зейнуллинов,
90 келіде – Сағындық Тоғамбай,
48 келіде – Әйгерім Сәттібаева,
Валентина Хальзова
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Оқыңыз