“Біз үшін үлкен сабақ болды”: Азия чемпионатынан соң Махмұд Сабырхан мәлімдеме жасады
Фото:ҚБФ
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дүбірлі додада 55 келіде ел намысын қорғаған Махмұд Сабырхан қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ 70 келіде жұдырықтасқан Төрехан Сабырхан финалда сүрініп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Қос Сабырханның алтын медальға қол жеткізе алмауы көп жанүйердің таңданысын тудырды.
Осыдан кейін Махмұд Сабырхан бұл нәтижеге өзінің де көңілі толмайтынын айтып, жазба жариялады.
“Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Ұланбатырда Азия чемпионаты аяқталды. Мен қола, Төрехан күміс жүлдегер атанды. Әрине, бұл Сабырхандардан күткен нәтиже емес еді. Бабымыз жанғанымен, бағымыз жанбады. Бұл да біз үшін үлкен сабақ болады. Алда әлі талай еңбектеніп, еліміздің көк туын Әлемде көтеру үшін тер төгеміз. Бізді қолдаған баршаларыңызға мың рақмет! Сабырхандардың сағы сынбайды! Бұл біріншілікте топ жарған қыз-жігіттерді құттықтаймын. Бұл жолы Ағайынды Оралбай Айбек Нұрбек бауырларымыз чемпион болды келесі жолы 4 чемпион боламыз”, — деді Махмұд Сабырхан.
Айта кетейік, бұл Төрехан Сабырханнның мансабындағы алғашқы жеңілісі.Ұлан-Батырдағы Азия чемпионатында Қазақстан жалпы есепте 13 жүлдемен көш бастады.Оның алтауы алтын, 2 күміс, 3 қола медаль. Осылайша турнирде жүлде саны бойынша бірінші орынға тұрақтады.