Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен боксшыларды құттықтады

Азия чемпионатыФото:ҚБФ

Мемлекет басшысы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын Ұлан-Батырда өткен Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президент спортшыларымыз жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алып, отандық бокс мектебінің жоғары деңгейін көрсеткенін атап өтті.

Құттықтауда Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Надежда Рябец және Дина Исламбекова секілді спортшылардың жеңіс тұғырына көтеріліп, ортақ жетістікке зор үлес қосқанына назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің әлемдік жарыстарда көк байрағымызды биікте желбірете берулеріне тілектестік білдірді. 

Айта кетейік, Қазақстан сапынан алтын медальді 65 келіде Оразбек Асылқұлов, 75 келіде Сабыржан Аққалықов , 85 келіде Нұрбек Оралбай , аса ауыр салмақта Айбек Оралбай , 80 келіде Надежда Рябец және Дина Исламбекова (+80 келі) жеңіп алды. Күміс жүлдеге 70 келі Төрехан Сабырхан мен Бақыт Сейдіш  қол жеткізді. Ал 55 келі Махмұд Сабырхан, 65 келі Ертуған Зейнуллинов , 90 келі Сағындық Тоғамбай, 48 келі Әйгерім Сәттібаева  және Валентина Хальзова қола жүлдегер атанды.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 10 Сәуір, 2026 19:12