Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда балаларды сатып алып, азғындық жасаған Қазақстан азаматшасы сотталды

Қырғызстанда балалар саудасына қатысы бар Қазақстан азаматшасы сотталды

Фото: depositphotos.com

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті балалар саудасына қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталғанын хабарлады. Іс бойынша негізгі күдікті Қазақстан азаматы 12 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2024 жылдың қыркүйегінде Қырғызстан аумағында кәмелетке толмағандарды заңсыз түрде шетелге шығарумен айналысқан топтың әрекеті әшкереленіп, жолы кесілген. Тергеу барысында Қазақстан азаматы мен Қырғызстан азаматы ұсталып, тергеу изоляторына қамалған.

"Күніне 1,5 млн теңгеге дейін табыс тапқан": Қазақстанда адам саудасына қатысы бар екі қылмыстық топтың мүшелері қамауға алынды

Оқыңыз

Күдіктілер Израиль азаматының қатысуымен қылмыстық келісімде әрекет еткен. Ведомство бірнеше кәмелетке толмағанға қатысты заңға қайшы әрекеттер жасалғанын, сондай-ақ осыған байланысты материалдардың Қырғызстаннан тыс жерде тұратын үшінші тұлғаларға жіберілгенін мәлімдеді.

“Тергеу барысында Қазақстан азаматы АА Израиль азаматы АБ-мен алдын ала сөз байласып, Қырғызстан азаматы СС-тен ақшалай және өзге де мүліктік сыйақы үшін үш кәмелетке толмаған баланы сатып алғаны анықталған. Одан кейін олар балаларға қатысты ар-намысқа қайшы әрекеттер жасап, олардың жалаңаш денесін, оның ішінде интимдік бөліктеріне назар аудара отырып суретке түсіріп, әлеуметтік мессенджерлер арқылы шетелдегі үшінші тұлғаларға жіберген”, – делінген ақпаратта. 

Сонымен қатар, күдіктілер екі кәмелетке толмаған балаға толық қамқоршылық рәсімдеп, оларға қатысты да осындай әрекеттер жасағаны айтылды.

Қырғызстан ҰҚК басқа да ықтимал қатысы бар тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша тергеу әрекеттері жалғасып жатқанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 12 наурызда сот Қазақстан азаматын 12 жылға бас бостандығынан айырды. Ал Қырғызстан азаматы 11 жылға сотталып, мүлкі тәркіленді.

Айта кетейік, осыған дейін Индияда Қазақстан азаматы адам саудасымен айналысты деген күдікке ілініп, қамауға алынған еді. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 07 Сәуір, 2026 18:56