Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Qarmet шахтерлері жалпыхалықтық референдумды қолдайды

Qarmet шахтерлері жалпыхалықтық референдумды қолдайдыQarmet компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев "Батыс Қаражал" кен орнында тау-кен қазбаларының тарихи “түйісуіне” қатысып, еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында қаланы дамыту, өндірісті жаңғырту және жаңа Конституция бойынша алдағы референдум мәселелері талқыланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Андрей Лаврентьев “Жаңа Конституция әрбір қазақстандықтың құқықтарын бекітіп, мемлекеттік құрылым қағидаттарын айқындайды, заң мен тәртіпті нығайтады. Дауыс беруге қатысу – бұл ел мен өз болашағың алдындағы жауапкершіліктің көрінісі” – деп атап өтті. Шахтерлер бастамаларды қолдап, 15 наурыз күні референдумға қатысатындарын растады.

Сондай-ақ Қаражал қаласының даму перспективалары талқыланды. Жұмысшылар қала шамамен 30 жыл бойы белгілі бір тоқырау кезеңін бастан өткергенін айтып, жастарды ұстап қалу және тарту үшін жағдай жасаудың маңыздылығын жеткізді. Кеншілердің пікірінше, ресурс базасын кеңейту аясында басталған марганец өндіру жұмыстары бұл бағытта үлкен серпін береді.

Qarmet шахтерлері жалпыхалықтық референдумды қолдайды

Кездесу ел болашағы, жаңа Конституция және қаланың дамуы тақырыптарын тоғыстырды. Диалог шахтерлердің кәсіби жауапкершілікті қоғамдық маңызы бар үдерістерге белсенді қатысумен ұштастыруға дайын екенін көрсетті.

Айым Болатқызы
Жұма, 20 Ақпан, 2026 11:47