Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Qarmet Қарағанды облысының тұрғындарымен бірге Наурызды тойлады

Qarmet компаниясы дәстүрлі түрде жаңару, бірлік және жаңа өмірдің басталуын айқындайтын – қазақ халқының ең маңызды мерекелерінің бірі Наурыз мейрамын тойлауға белсенді қатысты.

Биыл компанияның мерекелік киіз үйлері дәстүр бойынша – Теміртау, Қарағанды, Саран, Шахтинск және Абай қалаларында орнатылды. Олардың әрқайсысы шынайы ұлттық қонақжайлылық кеңістігіне айналды: қонақтарды дәстүрлі тағамдармен мәдениет пен салт-дәстүр элементтерін қамтыған мазмұнды мерекелік бағдарлама бірлік пен жылулық атмосферасын қалыптастырды.

Qarmet киіз үйлері қала тұрғындары мен қонақтары үшін берекелі ортаға айналды. Мұнда әркім мәдени мұраны көріп, Наурыз рухын сезінді және әріптестерімен, достарымен, жақындарымен бірге уақыт өткізді.

Компанияның ірі қалаларындағы мерекелік алаңдар ерекше назар аудартты. Теміртауда киіз үйді Qarmet этномәдени орталығының жарқын және өзіндік бағдарламасы безендірді, ол қаланың мерекесінің басты көрнектілерінің бірі болды. Қарағандыда тұрғындар үшін домбырашылар мен өнерпаздар өнер көрсетіп, кеңістікті жанды ұлттық музыкамен толтырды. Қонақтар батырлармен, садақшылармен, сондай-ақ қазақ мәдениетінің рәміздерімен – тазы тұқымды иттермен және қыран- бүркіттермен естелік суреткетүсті.

Саран қаласындағы киіз үй қалалық байқауға қатысып, жүлделі орын алды. Компания алынған сыйақыны қайырымдылыққа бағыттады, бұл арқылы әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына берілгендігін және жергілікті қоғамдастықтарды қолдауын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Наурыз мейрамын тойлауға қатысу – Qarmet корпоративтік мәдениетінің маңызды бөлігі. Ол ұлттық дәстүрлерді сақтауға және дамытуға, бірлікті нығайтуға және компания қызмет ететін өңірлерде оң әлеуметтік ортаны қалыптастыруға бағытталған.

Qarmet компаниясы маңызды қоғамдық іс-шараларды белсенді қолдауды жалғастырып, Қазақстанның мәдени құндылықтарын сақтауға және насихаттауға өз үлесін қоса береді.

Нұрила Жұмаділлә
Дүйсенбі, 23 Наурыз, 2026 13:24