Қалыңдық тұрмысқа шығуға бір күн қалғанда қатерлі ісікпен ауыратынын білген

АҚШ-та үйлену тойына бір күн қалғанда жол апатына түскен қалыңдық дәрігерлер тексерісінен кейін қатерлі ісіктің сирек түріне шалдыққанын білді. Соған қарамастан, жас жұбайлар тойды кейінге қалдырмай, келесі күні некелерін қиды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі people.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ-тың Алабама штатында 31 жастағы Мелисса Адамс үйлену тойының алдында жол-көлік оқиғасына ұшырап, күтпеген диагноз естіді. Бағдаршамда тұрған оның көлігіне басқа автокөлік келіп соғылған.
Жарақат алған әйел ауруханаға жеткізіліп, оған компьютерлік томография жасалған. Зерттеу нәтижесінде оның ағзасында бұрын белгісіз болған көптеген ісіктер анықталды.
Дәрігерлер оған фолликулярлы дендриттік жасушалар саркомасы деген сирек кездесетін қатерлі ісік түрін анықтаған. Бұл дерт көбіне лимфа түйіндерін зақымдайды.
Ауыр диагнозға қарамастан, Мелисса Адамс пен оның күйеу жігіті үйлену тойын кейінге қалдырмай, келесі күні некелерін қидырған. Әйелдің айтуынша, ол ұзақ уақыт бойы ауырсыну мен басқа да белгілерді сезген, алайда оны өзіндегі аутоиммундық аурудың салдары деп ойлаған.
ОқыңызЕске салайық, бұған дейін Қытайда егіз ағайындылар егіз апалы-сіңлілерге үйленіп, қос отбасының да туыстары арасында егіздердің көп болуы оқиғаны ерекше етті. Той видеолары әлеуметтік желіде кең таралып, миллиондаған қаралым жинады. Сарапшылар мұндай сәйкестіктің өте сирек болатынын айтады, себебі егіздердің тууы көбіне генетика мен сыртқы факторларға байланысты.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты