Путиннің хабарламасын жеткізді: Тоқаев Ресейдің Энергетика министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан мен Ресей президенттерінің келісіміне сәйкес, Тоқаев Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады. Министр мемлекет басшысына Владимир Путиннің хабарламасын жеткізді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі саналатын энергетика саласындағы серіктестік перспективасы талқыланды.
Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыты құрылысының кешігуіне байланысты үкіметті сынға алған еді.
Алматыда оқу ақысы 6 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен