"Путинді қуалап әлемді аралап жүре алмаймыз": Зеленский Ыстамбұлда өтетін келіссөздерге қатысудан бас тартты
Фото: cgtnturk.com
Украина президенті Владимир Зеленский Стамбулда өтеді деп жоспарланған Ресеймен келіссөздерге өзі тікелей қатыспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алайда келіссөздерге қорғаныс министрі Рустем Умеровтың басшылығымен Украина делегациясын жібереді. Зеленскийдің айтуынша, мұндай шешімді ол Ресей президенті Владимир Путин кездесуге келмегендіктен қабылдаған.
Сонымен қатар Зеленский украин делегациясы Стамбулға "Трамп пен Ердоғанға құрмет ретінде" баратынын атап өтті.
"Ресей тарапынан серіктес болмайтынына қарамастан, қорғаныс министрі барады. Бірақ кездесу түрік-америкалық-ресейлік-украиналық форматта өтуі керек еді", – деді Зеленский.
Анкарада Зеленский мен Ердоғанның кездесуі болады
Оның сөзінше, Украина делегациясы Стамбулда 16 мамырда да қалады, "бүгін-ертең" ресейлік өкілдермен кездесу үшін.
Зеленскийдің сөзінше, Украина тарапының келіссөздердің басты мәселесі "шартсыз атысты тоқтату" болады. Сонымен қатар ол егер Ресей "соғысты аяқтауға нақты дайындық көрсетпесе", Украина АҚШ, ЕО және әлем елдеріне "Ресейге санкция салу" туралы өтінішпен жүгінеді.
"Путинді қуалап әлемді аралап жүре алмаймыз", – деді Украина президенті.
Ал Ресейдің сыртқы істер министрлігі болса, "Батыс Киевті мәжбүрлеп келіссөздер үстеліне отырғызуы керек" деген мәлімдеме жасады.
Еске салсақ, бұған дейін Ресей делегациясы Украинамен келіссөз жүргізуге 15 мамырда Ыстамбұлға баратыны туралы жазған едік. Алайда дәл 15 мамыр күні Путиннің Зеленскиймен келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтыны белгілі болды.

"Омыртқасы сынып, мүгедек болып қалды": Қытайда жүк тасушы компания қазақстандықтың биіктен құлауына себепкер болған
