Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин Трамптың Будапештте кездесуден бас тартуына қатысты пікір білдірді

Фото: kremlin.ru

Ресей Президенті Владимир Путин Дональд Трамптың Будапештте кездесуден бас тартуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Путин журналистердің Трамптың екіжақты кездесуден бас тартуы туралы сұрағына жауап бере отырып, Трамптың өз мәлімдемесінде кездесуді кейінге қалдыруды меңзегенін айтты.

Ресей президенті Будапешттегі саммитті ұйымдастыруды Трамптың өзі ұсынғанын атап өтті.

Путин АҚШ-тың Ресейге салған жаңа санкцияларына қатысты да пікір білдірді. 


"Уақытымды босқа жоғалтқым келмейді": Трамп Путинмен кездесуге қатысты пікір білдірді


“Бұл қысым көрсету әрекеті. Бірақ өзін құрметтейтін ешбір мемлекет пен ешбір халық ешқашан мұндай қысыммен шешім қабылдамайды. Әрине, Ресей өзін құрметтейтін елдер мен халықтар тізімінде”, – деді Путин.

Сондай-ақ Путин Трамппен Ресей мұнайын тасымалдауға қатысты жағдайдың әлемдік, соның ішінде АҚШ-тағы бағаларға әсері туралы сөйлескенін атап өтті. 

Еске саслақ, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Будапештте Владимир Путинмен кездесуден бас тартқаны туралы жазған едік. Артынша АҚШ қаржы министрлігі Ресейдің ірі мұнай компаниялары "Роснефть" және "Лукойл" компанияларына санкция жариялады.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 23 Қазан, 2025 22:58
Талқылау