Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин тағы бір елге шабуыл жасағысы келеді – Зеленский

Путин тағы бір елге шабуылдағысы келеді - ЗеленскийФото: theguardian.com/ Sergey Guneev, Sputnik, Kremlin Pool Photo 

Украина президенті Владимир Зеленский Путиннің Украинадағы соғысты тоқтатқысы келмейтінін және Еуропада тағы бір елге шабуыл жасауға ниетті екенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Зеленский Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескеннен кейін осындай мәлімдеме жасады. 

"Путин Украинадағы соғыс аяқталғанын күтпейді. Ол басқа бағытта шабуыл жасамақ. Қай елге екенін ешкім білмейді. Бірақ оның қалауы сол”, – деді Зеленский.

Зеленский Ресейді НАТО-ның қорғаныс қабілетін тексеріп жатыр деп айыптады. Оның айтуынша:

  • – Ресейлік дрондар Польша мен Румынияның әуе кеңістігін бұзған;
  • – Литвада әуе шекарасының бұзылғаны туралы хабар тарады;
  • – Эстония билігі Ресейдің жойғыш ұшақтары әуе кеңістігіне кіріп кеткенін мәлімдеді;
  • – Дания мен Норвегияда әскери нысандар маңында белгісіз дрондар байқалған. Бірақ олардың Ресейге қатысы нақты дәлелденбеген. 

Зеленскийдің сөзіне қарағанда, еуропалық үкіметтер бұл жаңа қауіппен күресуде қиындық көріп отыр. Мысалы, Польша аумағына ұшып кірген дрондар кезінде Украина бір бағытта ұшқан 92 дронды тіркеген. Олардың басым бөлігі ұсталған. Бірақ 19 дрон Польша шекарасынан өткен.



"Біз өз күшімізді Польшамен салыстырмаймыз. Біз соғысып жатырмыз, олар жоқ", – деді Зеленский.

Ол сондай-ақ бірқатар елдің мамандары Украинаға келіп, Ресейдің әуе шабуылдарына қарсы іс жүзінде дайындықтан өтетінін айтты. Қай елдер екенін нақтыламады.

Сонымен қатар, Зеленский Мәскеуді Киевтің энергия инфрақұрылымына жаппай шабуыл жасайтын болса, жауап ретінде Ресей де жарықсыз қалуы (блэкаут) мүмкін деп ескертті.

STAN.KZ
Жексенбі, 28 Қыркүйек, 2025 15:17
Талқылау