Путин Ресейдің “тарихи аумақтарын” әскери жолмен басып алуға ниетті екенін мәлімдеді

Путин Ресейдің “тарихи аумақтарын” әскери жолмен басып алуға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресей президенті Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген отырысында сөз сөйлеп, Украинадағы соғысқа қатысты бірнеше маңызды мәлімдеме жасады.
Путин Ресейдің өзіне тиесілі деп санайтын Украина аумақтарын әскери күшпен басып алуға дайын екенін тағы да атап өтті.
“Арнайы әскери операцияның мақсаттары, сөзсіз, орындалады. Біз қақтығыстың түпкі себептерін дипломатия арқылы жойғымыз келер еді. Алайда қарсы тарап пен шетелдік қолдаушылары диалогтан бас тартса, Ресей өз тарихи жерлерін әскери жолмен азат етеді”, – деді Путин.
Ресей Украинаға тиесілі төрт облысты – Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарын аннексиялағанын жариялады. Алайда қазір Ресей әскері толықтай тек Луганск облысын ғана бақылауда ұстап отыр.
БАҚ деректеріне сүйенсек, Мәскеу соғысты тоқтатудың міндетті шарты ретінде украин әскерлерінің Донецк облысының бүкіл аумағынан шығарылуын талап етіп отыр.
Сонымен қатар Ресей билігі Украина аумағында “буферлік аймақ” құруды және оны кеңейтуді көздеп отыр.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Ресей мен АҚШ президенттерінің Украина бойынша келіссөздерін қолдайтынын мәлімдеген еді.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады