Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин: Кемероводағы өрт немқұрайлық пен тәртіпсіздік себебінен болған

Ресей басшысы Кемероводағы өрт болған жерге барды. Путин Кемерово қаласында болған өртке қатысты пікір білдірді. Ол өрттің тәртіпсіздік себебінен болғанын айтты.

«Бізде не болып жатыр? Бұл соғыс алаңы емес қой. Шахтада метан түсіріп жатқан жоқпыз. Адамдар балаларымен демалуға келді. Демографияны көтереміз деп, керісінше адамдарымыздан айырылып жатырмыз. Оған не себеп? Әрине, адамдардың немқұрайлығы мен тәртіпсіздік себеп», – дейді Путин.

Ресей президенті қара жамылған отбасыға көңіл айтып, бір минуттық үнсіздік жариялады.

Путин Ресейдің Тергеу комитеті басшысына қайғылы жағдайдың болуына жол берген қызметкерлердің әрекетін заң жүзінде бағалауды тапсырды.

«Әрбір жауапты адамға құқықтық баға берілсін. Ақшасыз анықтаманы сатып алу мүмкін емес. Ақшаға бәрін жазып бере береді қазір», – деді ел басшысы.

Тергеу комитетінің басшысы Александру Бастрыкин тергеу барысында көптеген құжаттар алынып, тексеріліп жатқанын айтты.

Өрт болған ғимарат кондитер фабрикасы ретінде 1968 жылы салынған. 2013 жылы сауда орталығына айналған. Болжам бойынша, құрылыс кезінде қателіктерге жол берілген.

Тергеу комитеті 21 адамның денесі жақындарына берілгенін мәлімдеді.

Тағы да оқыңыз:

Сағынтаев: Кемероводағы қайғылы жағдайдан сабақ алуымыз керек

Кемеровода терезеден секіріп өрттен аман қалған баланың жақындары түгел көз жұмған

Қош болыңдар, біз жанып барамыз: Кемероводағы өрттен көз жұмған 13 жасар қыздың соңғы сөзі елді жылатты

Талқылау