Путин Қазақстан мен Ресей шекарасындағы кептелістің себебін түсіндірді

Фото: РИА Новости
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресей шекарасындағы бірнеше шақырымға созылған кептелістің қара импортқа қарсы күреске байланысты екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Путин Қырғызстанға сапарының қорытындысы бойынша журналистермен сөйлесу кезінде айтты.
“Менің тапсырмам бойынша кеден органдары жолдарда таңдамалы тексерулер жүргізе бастады. Бұл әрекеттер Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында кеден қызметтерінің өкілеттіктеріне толық сәйкес келеді”, – дейді Ресей басшысы.
Оның айтуынша, тексерулер басталысымен-ақ мүлде құжаттардың жоқ екені анықталған.
“Бұл қарапайым қара импорт, дөрекі айтсам кешірім сұраймын біздің кедендік аумаққа ағылып жатыр”, — деді Путин.
Ресей президенті бұл мәселені Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен талқылаған. Нәтижесінде екі елдің кеден органдары тасымалдаушылар тауарлардың құнын көрсетіп, соңғы алушыны көрсетіп отыратындай келісімге келді.
“Түсінесіздер ме, ол фуралардың ішінде бәрі бар: шегеден бастап гауөар тас пен теледидарға дейін. Бірақ бес тиын тұратын бау болса да көрсетсін, біз аз да болса ҚҚС ала алуымыз үшін ең болмағанда бір нәрсе төлесін, соңғы алушыны көрсетсін. Жай ғана тәртіп орнату керек. Ол жерден қазірдің өзінде мыңдаған фура өтті. Жыл соңына дейін ол жерде ешқандай кезек болмайды деп ойлаймын”, – деді Ресей президенті.
Ата-анамызды асырауға біз міндеттіміз бе?: Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді