AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин Ердоғанға Украинадағы арнайы операцияны тоқтатудың шарты туралы айтты

Ресей президенті Владимир Путин Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескен кезде Киев Ресейдің талаптарын орындаған жағдайда ғана Украинадағы арнайы операцияны тоқтату мүмкін болатынын айтты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Владимир Путин пен Режеп Тайып Ердоған

Путин сондай-ақ Украина қарулы күштерінің соғыс қимылдарын тоқтатуы қажетті шарт екенін айтқан. Ресей президенті келіссөздердің келесі раундының барысында украиндық өкілдер бұл шындықтарды ескере отырып, неғұрлым конструктивті көзқарас танытатынына үміт артты.

Бұдан бөлек, Ресей басшысы соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақтардан түрік азаматтарын қауіпсіз көшіру үшін көмек көрсетуге уәде берді. Өз кезегінде Түркия президенті Ресей мәдениеті мен оның қайраткерлеріне қарсы бірқатар Батыс елдерінде қарқын алып жатқан қарсылықтарды құптамайтынын жеткізді.

Украинадағы жағдай

Еске салайық, Владимир Путин бұған дейін Донбасста арнайы операция өткізуге шешім қабылдағанын айтқан еді.



"Қалыптасқан жағдай бізден шұғыл әрі батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Донбасстағы халықтық республикалар Ресейден көмек сұрады. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабы 7-бөліміне сәйкес, Федерация кеңесі санкциясымен және Федералдық жиналыста ратификацияланған ДХР және ЛХР-мен жасалған достық пен өзара қолдау туралы келісімді орындау үшін мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым", – деген ол.

Сонымен қатар Ресей басшысы басты мақсат Украинаны оккупациялау емес екенін атап өткен.

Алайда 24 ақпан бейсенбінің таңертеңгі уақытынан бастап Укранинаның бірнеше қалаларында жарылыс болғаны хабарланған. Бұл қалалардың қатарында ел астанасы Киев те бар.

27 ақпан күні Украина делегациясы Беларусьтің Гомель облысында Ресеймен келіссөздер жүргізуге келіскені жазылған. Арнайы делегация Беларуське аттанған.

4 наурыз күні өткен Ресей мен Украина арасында өткен екінші келіссөз отырысында екі жақ жақын арада гуманитарлық дәліз ұйымдастырып, кей аймақтарда атысты тоқтататындарын мәлімдеген. Украина президенті кеңсе басшысының кеңесшісі Михаил Подоляктың сөзінше, алда үшінші келіссөз өтеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр