Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бағаны саяси астарсыз реттей аламыз": Путин Ердоғанға Түркияда жаңа газ алаңын құру идеясы туралы айтты

Ресей президенті Владимир Путин Астанадағы кездесуде Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанға Түркияда газ алаңын  құру идеясы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Путин Ердоган Астана 2022

"Кеше (Ресей) Энергетика апталығында сіздің Энергетика министріңізбен және Botas басшысымен кеңескеннен кейін біз "Газпроммен" келістік. Мұны мен ашық түрде де айттым, егер Түркиядан және басқа елдерден біздің әлеуетті сатып алушылардан қызығушылық болса, басқа газ құбыры жүйесін салу және басқа елдерге, үшінші елдерге сату үшін Түркияда газ орталығын құру мүмкіндігін қарастыра алар едік. Ең алдымен, әрине, еуропалықтарды", - деді Путин.

Бұған дейін ол Ресейдің "Солтүстік ағыннан" Қара теңіз аймағы мен Түркияға газ транзитін жылжыта алатынын айтқан. Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез  бұл ұсынысқа қатысты пікір білдіріп, оның техникалық тұрғыдан мүмкін екенін және оны егжей-тегжейлі зерделеу керектігін жеткізген.



Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуінде Владимир Путин жаңа газ алаңын құру мүмкіндігі туралы айта келіп, оны құру арқылы энергия бағасын "ешқандай саяси астарсыз" тыныш реттеуге болатынын атап өткен.

"Біз (бағаларды) ешқандай саяси астарсыз, қалыпты, нарықтық деңгейде реттей аламыз", - деген Путин қазіргі бағалардың тым жоғары екенін баса айтқан.

"Бірге құра алатын бұл алаңның жұмысы барысында, әлбетте, ол тек жеткізілімдер ғана емес, бағаны анықтайтын алаң болар еді. Өйткені баға мәселесі өте маңызды. Бүгінде бұл бағалар өте қымбат", - деді Ресей президенті.

Талқылау