Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"ПСЖ" Чемпиондар лигасында "Астон Вилладан" басым түсті

Футболдан кәрі құрлықтың клубтар арасындағы басты турнирінде париждік “Пари Сен Жермен” командасы ширек финалда бирмингемдік “Астон Виллаға” қарсы ойнады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Xavier Laine/Getty Images Sport

Парк-де-Пренс стадионында өткен ойында қонақтар бірінші болып есеп ашты. Белгиялық жартылай қорғаушы Юри Тилеманстан пас алған Морган Роджерс ағылшындықтарды алға шығарды.

Алайда араға төрт минут салып, алаң иелері есепті теңестіріп кетті. “ПСЖ” Десир Дуэнің арқасында алғашқы таймды тең нәтижемен аяқтады.

Екінші кезеңде Луис Энрике шәкірттері алаңдағы ойынды толықтай өз бақылауында ұстады. Нәтижесінде жылдам гол соқты. 49 минутта Хвича Кварацхелия париждік команданы алға шығарды.

“Астон Вилла” қанша шабуылдауға тырысқанымен екінші таймда гол соға алмады. Тіпті 92 минутта қақпаларына үшінші голды жіберіп алды. Усман Дембеледен пас алған Нуну Мендеш есепті 3:1 жеткізді. Осылайша Чемпиондар лигасындағы ширек финалдың алғашқы ойынында “ПСЖ” жеңіске жетті.

Қарымта кездесу 16 сәуірде Бирмингемде өтеді. Еске салайық, бұған дейін испаниялық “Барселона” клубының да алғашқы ойында жеңіске жеткенін хабарлаған едік.

Талқылау