"ПСЖ" бас бапкері Луис Энрике клубтық әлем чемпионатын сынға алды

"Пари Сен-Жермен" клубының бас бапкері Луис Энрике 2025 жылғы Клубтық әлем чемпионатындағы мадридтік "Атлетикоға" қарсы матчтың басталу уақытына байланысты наразылығын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ойын АҚШ-тың Калифорния штатында өтіп, жергілікті уақытпен сағат 12:00-де басталды. Испаниялық маманның айтуынша, бұл уақыт ойыншыларға қолайсыз әсер еткен.
"Матч жоғары температураның әсерінде өтті. Уақыты Еуропадағы көрермендерге ыңғайлы болуы мүмкін, бірақ командалар бұл жағдайдан зардап шегуде", — деп келтіреді Луис Энрикенің сөзін Marca басылымы.
Соған қарамастан, париждік клуб матчта сенімді өнер көрсетіп, "Атлетиконы" 4:0 есебімен жеңді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды

