Психолог Маржан Арапбаеваның не себепті өзінен кіші азаматқа тұрмысқа шыққанын түсіндірді
Маржан Арапбаева күйеуімен қарым-қатынасының қандай екенін ашып айтты. Ал психолог маман Марал Сарбасқызы оның не себепті өзінен 4 жас кіші ер азаматқа тұрмысқа шыққанын түсіндірді.
Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.
«Күйеуім өзімнен 4 жасқа кіші болса да, ой-өрісі мен өзін ұстай білуі, салмақтылығы мен ақылдылығы әлдеқайда ілгері жігіт. Яғни оның өзімнен кішілігін сезінбеймін. Бастапқыда жасынан сескенген кезім болды. Артынша менен әлдеқайда ақылды екенін бірден түсіндім. Өзінің серік әрі қорғаушы бола білетінін дәлелдеді. Жылдар бойы осылай болып келе жатыр. Мен ешуақытта қартайғым келмейді. Өмірге сән беретін адамның өзі емес пе? Күнделікті күйеуім тамақ ішіп болғанша мен 10 сұрақ қойып үлгеремін. Ол «Қазір тоқтай тұршы! Тамақ ішіп болған соң жауап беремін» деп асықпай отырады. Екеуімізді от пен су дей берсеңіздер болады», – дейді Маржан Арапбаева.
Әншінің не себепті өзінен жас жігітке тұрмысқа шыққанын ғылым тілімен психолог маман түсіндіріп берді. Айтуынша, бар мәселе Маржан ханымның темпераментінде болып отыр. Яғни ол өзін іштей 24-27 жастағы қыздай сезінеді екен.
«Адамның паспорттағы биологиялық жасы болады және ішкі жан-дүниесінің қалауы болады. Оған тікелей темперамент әсер етеді. Бұл жерде жас мәселесі қарастырылмайды. Маржан ханымның темпераменті өте жоғары, өзі күш-қуаты мол адам. Бұл кісі өзін қабылдай алатын, түсіне алатын адамды таңдайды. Жасы үлкен ер-азаматтар сіздің темпераментіңізді көтере алмайды. Таңдаудың да ерекшелігі осы жерде болып отыр. Яғни Маржан ханымның өзінен 4 жас кіші адамды таңдауы заңдылық. Басқаша болуы мүмкін емес. Ал өзінен 15 жас үлкен ер-азаматпен көңіл қосса, сыйыса алмауы мүмкін. Маржан ханым жылдам сөйлейді. Ал ер азаматы оның сөздерін кеш түсінеді. Осыдан кейін кішігірім қақтығыстар басталады. Махаббат жасқа қарамайды деген пікірмен толықтай келісемін. Себебі, барлығы энергиямен өлшенеді», – дейді Марал Сарбасқызы.
Жіберіп алмаңыз:
Қарындастарымен “дәрігер-науқас” ойынын ойнаған Әли көпті күлкіге қарық қылды (видео)
Марқұм анасына өлең арнаған Нұржан Төлендиев көптің жүрегін елжіретті
Роза Рымбаева кенже ұлының өзіне ән жазып бергенін айтып мақтанды
Қарақат ұлдарының Құран сүрелерін жаттап алғанын айтып мақтанды