Психолог ер адамның не себепті опасыздық жасайтынын түсіндірді
Ресейлік психолог Вадим Куркин отбасылы азаматтардың не себепті әйелдеріне опасыздық жасайтындарын түсіндірді.
Бұл туралы Youtube желісіндегі сұхбаттарының бірінде айтты.
“Көбісі отбасылы азамат түзден қызық пен төсек қатынасын іздейді деп ойлайды. Алайда жігітке керегі бұл емес. Ол, бар болғаны, түзден әйелінің бойында бір кездері болған ерекше қасиеттерді, екеуінің арасында болған ыстық сезімді іздейді. Яғни оған басқа әйелдің керегі жоқ. Сол себепті, көңілдес болған келіншек ұтпайды. Ол бар энергиясын ер азаматтың заңды отбасына бағыттап, өзіне беретін бағасы төмендей береді. Ер адам көп жағдайда әйелінен кетпейді. Ол қандай жағдай болмасын отбасын бағалайды. Тек бастапқыда болған сезімді қайтаруға тырысады.
Әйелдің отбасындағы басты міндеті – ер адамды игі істерге шабыттандырып отыру. Егер әйел осы міндетін атқаруды доғарса, ер адам өзіне шабыт сыйлайтын басқа әйел іздейді. Әдетте әйел күйеуінің көңілдесін барынша түсіріп, лағынет айтады. Осылайша өзін сәл де болсын жоғарылатып қояды. Мұның орнына ол анализ жасауы тиіс. Күйеуін қызықтырған әйелдің ерекше қасиеттерін анықтап, сол қасиеттерді өзінің бойында дамытсын. Мысалы, көңілдесі нәзік бола білетін шығар. Яғни опасыздық орын алған кезде әйел ер адамды емес, өзін өзгертуі тиіс”, – дейді Вадим Куркин.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Қолынан айырылған жігіт өзін іздеп келіп қосылған келіншегі туралы айтып берді
Шымкенттік әйел өзін дуалап, күйеуімен ажырастырған құрбысы туралы айтты
Шымкенттік келіншек дуаның әсерінен өзін аямай соққыға жыққан күйеуі туралы айтты
Келіншек өзін жабылып ұратын қайын жұрты туралы айтып жылады