Промоутер Головкин-Альварес жекпе-жегі қайда өтетіні туралы айтты
К2 Promotions промоутерлік компаниясы мен Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жек қайда өтетінін айтып берді.
«Головкин-Альварес жекпе-жегінің өтетін жері туралы айтатын болсақ, біз бұл мәселені Golden Boy промоутерлік компаниясы шешеді деп келістік. Головкинге жекпе-жекті қай жерде өткізетіні маңызды емес. Оның Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарденде» де жанкүйерлері көп. Сонымен қатар Джерри Джонс («Даллас Ковбойз» командасының қожайыны) Головкиннің жекпе-жегін Далласта өткізгісі келетінін айтты. Тағы бір нұсқа ретінде Лас-Вегастағы «Даллас Ковбойз» казиносындағы T-Mobile Arena аренасы айтылып жатыр. Бірақ таңдау Альварестің командасында», – дейді Леффлер.
Vesti.kz
Оқи отырыңыз:
Кәсіпқой бокста тұңғыш рет өнер көрсеткен қазақ баласы қарсыласын нокаутпен ұтты
Елбасы Қанат Исламды ЭКСПО кезінде Астанада бокс өткізуге шақырған (видео)
Түрік боксшысы Головкиннің бүкіл тісін қағып алатынын мәлімдеді