Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Прокурор Темірлан Еңсебекті бес жылға соттауды сұрады

Qaznews24.kz парақшасының авторына қатысты іс бойынша сот талқылауы өтіп жатыр. Прокурор Дидар Қабаев оны бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: QazNews24

Жауапты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар жоқ дейді. Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдары бойынша толықтай дәлелденіпті. 

Сот талқылауына өтіп, прокурор Темірлан Еңсебекке бес жылға бас бостандығын шектеуді және қоғамдық қызметке, соның ішінде журналистік қызметке тыйым салуды сұрады.



Еске салайық, Qaznews24.kz парақшасының авторы, белсенді Темірлан Еңсебек 17 қаңтарда ұсталған еді. Оған Қылмыстық кодекстің "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бабы бойынша іс қозғалған. 

Кейін полиция департаменті Темірлан Еңсебекті “ұлтаралық алауыздықты қоздыратын айқын белгілері бар материалды орналастырғаны” үшін ұстағанын мәлімдеді. Құқық қорғау органдарының дерегінше, қазір Еңсебек Instagram парақшасында жариялаған “Йоу, орыстар” әнінің авторы іздестіріліп жатқан көрінеді. 

Талқылау