Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға соттауды сұрады

Фото: Перизат Қайраттың жеке парақшасы
Ақша жымқырды және алаяқтық жасады деп айыпталған Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот жарыссөзі 22 шілдеде өтті. Прокурор екеуіне жаза сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айыптаушы тарап Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр, ал оның анасын 8 жылға бас бостандығынан айыру керек деді.
Прокурор екеуінде де ауырлататын не жеңілдететін мән-жай анықталмағанын айтты.
Еске салсақ, Астанада қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырған деп айыпталған Перизат Қайрат ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр. 22 шілдеде сот жарыссөзі басталды. Прокурор Мадина Оразалина қайырымдылық атын жамылып пайда көргісі келетіндерге үндеу жолдады.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті