Прокурор Перизат Қайрат пен анасының қазір қайда екенін айтты
Астана қаласы прокурорының көмекшісі Индира Жұмағалиқызы Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваның қазір айда екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Прокурордың айтуынша, қазір Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева Астанадағы тергеу изоляторында қамауда отыр.
"Сот үкімі заңды күшіне енбегендіктен, олар тергеу изоляторында қамауда. Ұстау жағдайларына қатысты жеке өзіме ешқандай шағым түскен жоқ. Олар бір мекемеде болғанымен, бөлек камераларда отыр", – деді Жұмағалиқызы.
4 автокөлік, 4 пәтер мен жеке үй: Перизат Қайраттың мүлкі аукционда сатылады
Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, үкім заңды күшіне енген соң Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) белгіленген тәртіпке сәйкес оларды тиісті мекемелерге көшіреді.
"Қазақстанда әйелдерге арналған орташа қауіпсіздік деңгейіндегі бірқатар қылмыстық-атқару мекемелері бар. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті шешім қабылдап, оларды сол мекемелердің біріне орналастырады", – деді прокурор.
Еске салсақ, 25 шілдеде судья Сабыржан Кәрімов Перизат Қайратты кінәлі деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Оның анасы да кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол сот залында қамауға алынды. Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейді. Тергеу деректері бойынша, 47 адам жәбірленуші ретінде танылған.

"Отаға 33 миллион теңге қажет": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлер кесар тілігін жасап, қуығын тесіп жіберді деп айыптады
