Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дзюдодан Қазақстан чемпионын түрме қызметкерлері суицидке итермелеген

Павлодардағы АП 162/3 түзеу мекемесінің екі қызметкері дзюдодан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Бақытжан Әбдікәрімовты суицидке итермелеген деген күдікпен қамауға алынды.

ef933c5d-669e-45da-b400-003ae70cdbe8

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Облыстық прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасының басшысы Әсет Сәттібаевтың айтуынша, қайтыс болардан бірнеше күн бұрын Әбдікәрімов мекеменің режим бөлімінің басшысы Канкин мен жедел уәкіл Мұқанов тарапынан сексуалды зорлық пен қинау әрекеттеріне тап болады.

Сотталушы бұған шыдамай бірнеше рет суицид жасамақшы болған. Алайда колония басшылығы қауіпсіздік шараларын жасамаған.

“Медициналық-санитарлық палатада спортшы терезені сындырып, білегіне және ішіне 130-дан астам жарақат салған. Тергеу 11 айға созылды. Тергеу базасы өзге сотталушылардың берген куәгерлігі арқылы жасалады. Ол адамдар да күдікке алынып отырған қызметкерлерден қоқан-лоққы көрген. Сол себепті Мұқанов пен Канкинге ҚР ҚК 361 бабы бойынша “Куәгерлерге қысым көрсетті” деген тағы бір айып тағылды. Бірақ, олар өз кінәларын мойындамайды,” – деді Әсет Сәттібаев.

ҚР чемпионы екі адамды аяусыз ұрғаны үшін Баянауыл аудандық сотының шешімімен 5 жылға бас бостадығынан айырылған. Ол 2016 жылы 24 ақпанда мойынын шынымен тіліп жібереді. Әбдікәрімовты жедел түрде ауруханаға апарғанымен, құтқару мүмкін болмады.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында сатушы әйел қару кезенген тонаушының өзіне тап берді (видео)

Алматыда есірткімен ұсталған жігіт полицейлердің өзін жауапқа тартқызбақ

Петропавлда арақпен ұсталған әріптесін қолдау үшін хирургтер жаппай жұмыстан кетпек

Қытайдан Қазақстанға көшкен қандасымыз шекарада 59 мың долларынан айырылды

Талқылау