Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Прокурор Бақытгүл Хаменоваға 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрады

Прокурор Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованы жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі AtyrauPress.kz сайтына сілтемемен.

Хаменова сот 2022

31 қазанда Атыраудың №2 сотында Хаменованың ісі бойынша тараптарды тыңдау басталды.

Прокурор Лаура Асанова айыптау сөзін оқыды.

"Мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырумен жеті жылға бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтесін. Сондай-ақ Хаменованы "Құрмет" орденінен айырсын. Хаменованы қамауға алу уақытына қамауда ұстаудың 1 тәулік есебімен жаза мерзімі 1,5 тәулікке есептелсін. Сотталушының кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны үш жылға дейін кейінге шегеруді сұраймын", - деді прокурор.



Прокурор сондай-ақ облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевке де орташа қауіпсіздік мекемесінде жеті жыл жазасын сұрады. Пара берді деген күдікке ілінген Адамовты прокурор төрт жылға бас бостандығынан айыруды, қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеуді ұсынады.

Еске салайық, Бақытгүл Хаменова алдын ала келісім бойынша бір топ адамнан пара алды деп айыпталған.

Екінші айыпталушы облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке де дәл осы бап бойынша айып тағылуда. Үшінші айыпталушы "Балқыту" ЖШС директоры Өміртай Адамов мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаға аса ірі көлемде пара берді деп айыпталуда. Дау Атырауда Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасасу үшін алған 4,5 миллион теңгеден басталған.

Талқылау