Алматы прокуроры: Бүлікшілер бейбіт тұрғындарды қалқан ретінде пайдаланды
Алматыға 5 қаңтардан бастап тек бүлікшілер мен террористер ғана шабуыл жасаған. Лаңкестер прокуратура өрт қойғанда ғимаратта қызметкерлері отырған. Қызыл жалынның ішіндегі адамдарды құтқарушылар эвакуациялап үлгерген. Бұл туралы Алматы прокуроры Берік Жүйріктаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бүлікшілердің мінез-құлқы, дайындығы, қатыгездігі және іс-әрекетінің синхрондығы ұйымшылдықты көрсетеді.
"Алғашқы күннен бастап мен және прокуратураның барлық қызметкері оқиғаның тура ортасында болдық. Біз бандиттердің ұйымдасқан агрессиясын көрдік. Олар арнайы техниканы, өрт сөндіру машиналарын, автобустарды басып алып, құқық қорғау күштерін таратты. Барлық жерде бейнебақылау камералары жойылды. Қылмыс жасау үшін брусчатка мен қолда бар басқа да қаруларды пайдаланды", - деп атап өтті Алматы прокуроры.
Ол қалада барлық жеке құрам орналасқан прокуратура ғимараттарының бірі өртенгенін айтты. ТЖМ күштері тарапынан жасалған батыл іс-қимылдардың арқасында жалынды сөндіруге, қызметкерлерді эвакуациялауға мүмкіндік болды, олар жанып жатқан ғимараттан құтқарылды.
Жүйріктаев бүлікшілердің аңшы дүкендерін мақсатты түрде басып алып, полицияға шабуыл жасағанын атап өтті. Оларға құқық қорғау органдарына шабуыл жасау, бейбіт тұрғындарды қорқыту және террористік шабуылдарды жалғастыру үшін қару қажет болды. Ғимараттар қирады, өрт және медициналық көмек жұмысы бұғатталды. Сол кезде құқық қорғау органдары бұл ашынған митингішілер деп санады. Сондықтан, жасалған барлық қылмыстарға қарамастан, күш құрылымдары қару қолданбады.
"Қазір біз содырлардың наразылық акцияларын өз мақсаты үшін қолданғанын түсінеміз. Көшелерге шыққан бейбіт тұрғындарды олар қалқан ретінде пайдаланды", - деп атап өтті Алматы прокуроры.
Оның айтуынша, 5 қаңтардан бастап қалада тек бандиттер мен террористер шабуыл жасаған. Бұл бейбіт наразылық емес.
"Біз терроризм актісіне тап болдық. Қала әкімдігінің ғимараты, әуежай мен Президент резиденциясы басып алынды. Іс-әрекеттердің сипаты, дайындығы, қатыгездігі мен үйлесімділігі олардың ұйымдасқандығын көрсетеді", - деді Б.Жүйріктаев.
Ол қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ зардап шеккендердің барлығына көңіл айтты.
Алматы прокурорының айтуынша, бүгінде қаладағы жағдай тұрақты.