Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзенде тепловоз қатысуымен болған апатта қайтыс болғандар саны 9 адамға жетті (фото, видео)

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы прокуратурасының нақты мәліметі бойынша, «Газель» автокөлігі мен тепловоз қатысуымен болған ЖКО-да 9 адам көз жұмған.

Бұл туралы «Лада» хабарлайды.

Бұған дейін 6 адамның қаза болғаны хабарланған еді.

Прокуратура анықтағандай, ЖКО-да 36 адам зардап шеккен. Олардың 9-ы көз жұмыпты.

Ал 27 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың 8-і ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендер арасында 3 бала бар.

«Аталған факті бойынша материалдар ҚР ҚК 345-бабы 4-бөліміне (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, екі немесе одан көп адамның өліміне әкелу) және ҚР ҚК 344-бабы 3-бөліміне (Темір жол көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе темір жол көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, екі немесе одан көп адамның өліміне әкелу) сәйкес СДТБТ-не тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», – деп мәлімдеді Жаңаөзен прокуратурасының өкілі.

Естеріңізге сала кетсек, Жаңаөзен қаласынан шалғай орналасқан Теңге ауылының маңында «Газель» көлігі мен тепловоз соғысып қалған еді.

«25 қараша күні сағат 14:20-да Маңғыстау облысы Өзен-Болашақ жол бөлігінде тепловоз бен «Газель» маркалы автокөлік соқығыс қалған. Өтпелі дабылдатпа құрылғысының жұмысында ақау болмаған. 60 км/сағ жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан тепловоз жүргізушісі жолдағы автокөлікті көріп, шұғыл тоқтауға тырысқан. Бірақ апаттан қашып құтылу мүмкін болмады», – деп мәлімдеді АҚ «ҚТЖ – Жүк тасымалы» баспасөз қызметі.

АҚ «ҰҚ «ҚТЖ» арнайы комиссиясы апаттың себебін анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз:

Маңғыстауда «Газель» мен тепловоз соғысуының себептері анықалып жатыр

Астанада Сарыарқа ауданы прокурорына қарсы қылмыстық іс қозғалды

Қостанай және Жамбыл облыстарында дабылды ескерту жарияланды

Алматы облысында жалғызбасты ана күйеу жігітін өлтірді деп күдіктеліп отыр

Талқылау