Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда бір топ ер адамның қызды көлікке күштеп отырғызып, зорлады: Прокуратура соттың үкіміне шағым түсірді

Маңғыстау облысының прокуратурасы қыздың өзіне қол жұмсауына қатысты сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Марқұмның жақындарының жеке архиві

Ақтауда бір топ ер адам қызды көлікке күштеп отырғызып, зорлап, есірткі қолдануға мәжбүрлеген еді. Кейіннен жәбірленуші өзіне қол салған. Алайда сот қыздың өзіне қол салуына болған жағдайлардың қатысы жоқ деп тапқан. 

Прокуратура соттың шешімімен келіспейді.

"Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2024 жылғы 19 желтоқсанда жәбірленушіге қарсы жасалған қылмыстар үшін басты айыпталушыны 20 жылға, ал оның төрт сыбайласын 7 жылдан 8,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Өз кезегінде прокурор жарыссөзде басты айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды, ал қалған қатысушыларды 15 жылдан 16 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады", – деп хабарлады прокуратура.

5 қаңтарда облыс прокуроры жазаның квалификациясы мен мөлшері бойынша сот үкімімен келіспеуіне байланысты сот жарыссөзінде баяндалған ұстанымына сәйкес өтініш берді.

Іс әлі сотта. 

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда бір топ ер адамның қызды көлікке күштеп отырғызып, зорлап, есірткі қолдануға мәжбүрлегені туралы ақпарат тарағаны туралы жазған едік. Марқұмның інісі жағдай туралы толық айтып берді.

Талқылау