Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Продюсер Тәстембеков Айқын мен Жұлдыздың құпиясын ашып қойды

Желіде Жұлдыз Өмірғалиді ұзатып алып бара жатқан видеосы пайда болғаннан кейін Айқынның басынан дау арылмады. Жұрт Айқын КешYou-дің экс-әншісін тоқалдыққа алды, деп топшылады. Айқынның өзі бұл ақпаратты растамады, бірақ жоққа да шығармады. Есесіне Айқынның жұлдызын жағып, үлкен сахнаға шығуына көмектескен продюсер Эрик Тәстембеков шәкіртінің құпиясын ашып қойды.

“Гәкку FM” радиосының “Если честно” бағдарламасына берген сұхбатында Тәстембеков елді шулатқан бұл ақпарат жайлы ең алғаш Баян Мақсатқызынан естігенін айтты, деп жазады Stan.kz.

“Жалпы бұл жаңалықты Айқыннан емес, алғаш Баяннан естідім. Ол маған: “Сенің ұлдарың менің жобамның күл-талқанын шығарды. Рахмет”, – деді. Дәурен Айдарқұловты да мен ұлымдай жақсы көремін, құрметтеймін. Оның жағдайы түсінікті әрі ол туралы одан алдын сөйлескенбіз. Сондықтан кім туралы айтып тұрғанын түсінбей, қайта хабарластым. Одан кейін Айқынға звондадым, бірақ ол тұтқасын көтермеді. Себебі не жайлы айтатынымды алдын ала сезген ұқсайды. Баян екеуміздің бірге отырғанымызды Instagram-нан көріпті”, – деп еске алды продюсер.

Соған қарамастан, шәкіртімді нашар жігіт деп сөге алмаймын дейді продюсер. Себебі:

“Бұл жерде жақсы, жаман деп төрелік ете алмаймын. Бұл – олардың сезімі, өмірі. Бәрін өздері бастан өткеруі тиіс”, – деп түсіндірді Тәстембеков.

Алғашқыда телефон тұтқасын көтермегенімен, кейінірек Айқын бар мән-жайды ұстазына түсіндіріп берген. Өз кезегінде Тәстембеков мырза отбасылық мәселеге келгенде ағалық кеңесін айтуды ұмытпапты.

“Кейін Айқынмен бұл жөнінде сөйлестік. Ең бастысы, ешкім материалдық таршылық көрмеуі керек, өзің жауапты адамдардың бәріне бірдей қамқор болуың керек деп айттым”, – дейді Тәстембеков.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Отандық әншілер салыққа берешек екендерін білмейтін болып шықты

Индира Расылхан Динара Сұлтаннан еш кем еместігін айтып, Мейрамбекке ренжіді (фото)

Төлеген Мұхамеджанов экс-күйеу баласын ұлындай көретінін айтты

Қазақстандық Данэлия Төлешова “Голос.Дети” шоуында төрешілерді жылатты (видео)

Талқылау