Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысындағы гарнизонда әскери қызметкер өзін атып өлтірді

Приозерск гарнизонының әскери бөлімінде әскери қызметкер өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pexels.com

14 қазанда Приозерск гарнизонының әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол күзет қызметін атқарып жүрген кезінде бекітілген қарумен басына оқ атқан.

"Алдын ала мәлімет бойынша, бұл істің әскери қызметке қатысы жоқ. Әскери қызметкер отбасындағы жанжал салдарынан өз-өзіне қол жұмсаған", – делінген хабарламада.


Арыста әскери қызметкер өзін-өзі атып жіберді: Басшылық бұған отбасылық жанжал себеп дейді


Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ер адамға тағайындалған қызмет мерзімінің аяқталуына екі апта ғана қалған екен. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметкердің отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Оларға барлық қажет көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін Шахтинскте сарбаз өзіне қол салғаны туралы жазған едік. 

Талқылау