Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Руслан Желдібай президент кеңесшісі, яғни президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Gov.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай баспасөз хатшысы қызметіне кірісті. 

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін және Уорвик университетін (Ұлыбритания) бітірген. "Болашақ" бағдарламасының түлегі.

Еңбек жолын 2012 жылы "Қазақстан" телеарнасында редактор болып бастаған.

  • 2012-2018 жылдары –  "Алматы" телеарнасында бөлім меңгерушісі, продюсер;
  • 2018-2019 жылдары – Ақпарат және коммуникациялар комитетінің интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс басқармасының басшысы;
  • 2019-2020 жылдары – Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі ақпарат комитеті төрағасының орынбасары;
  • 2020 жылғы мамырдан 2022 жылғы ақпанға дейін президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды;
  • 2022 жылдың ақпанынан сәуіріне дейін премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
  • Ол 2022 жылдың сәуірінен 2023 жылдың қаңтарына дейін президенттің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.
  • 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында президент әкімшілігі басшысының орынбасары болды.

Шығыс Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды


Еске салсақ, Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Абай облысының әкімі болғаны айтылды. 

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 17 Ақпан, 2025 15:43