Президент тапсырмасы: Биыл Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлеріне 16 миллиардқа жуық субсидия және 15 миллиард теңге несие беру қарастырылған
Батыс Қазақстан облысында импортқа тәуелділікті төмендету, тамақ өнімдері өндірісін дамыту және облыс халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірде 2023 жылы өңірлік агроқұрылымдар мен кәсіп иелеріне 16 миллиардқа жуық субсидия және 15 миллиард теңге несие беру қарастырылған. Бұл жергілікті шаруаларға мемлекет тарапынан үлкен қолдау және зор мүмкіндік.
“Сондай-ақ, өңір халқын сүт өнімдерімен қамту бағытында "Агроөнеркәсіп кешендегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру" бағдарламасы (2,5% несие беру) аясында 6,0 млрд. теңгеге 4 сүт-тауарлы фермасын салу жоспарланып отыр. Жаңа сүт-тауарлы фермаларын ашқан жағдайда облыс халқын сүт өнімдерімен қамтамасыз ету 22%-дан (25 мың тонна) 32%-ға (36 мың тонна) артатын болады. "Жасыл белдеу" бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін суармалы жерлерді 9,6 мың гектардан 15 мың гектарға дейін ұлғайтылады. Бүгінде картоп өнімімен қамтамасыз ету 91% (62,5 мың тонна), пиязбен 98% (10,8 мың тонна), сәбізбен 56% (18,9 мың тонна), қырыққабатпен 56%-ды (9,2 мың тонна) құрап отыр. Аталған өнімдермен өз-өзімізді қамту үшін жыл соңына дейін жалпы сомасы 3 млрд. теңгені құрайтын сыйымдылығы 12 мың тонна болатын екі ірі инвестициялық жоба ("Baystone" ЖШС сыйымдылығы 4 мың тонна құны 1,2 млрд. теңге,"Орал Агро" ЖК құны 1,8 млрд. теңге 8 мың тонна) жүзеге асырылатын болады”, – дейді Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Осыған қосымша 2025 жылға дейін сыйымдылығы 39 мың тонналық 19 жабдықталған көкөніс қоймасын салу көзделуде.
Нәтижесінде өңірде жалпы сыйымдылығы 100 мың тоннадан астам 48 жабдықталған көкөніс қоймасы болады (көкөніс қоймасымен қамтылуы 140%-ды құрайды).
“Өңірдің дамуына үлкен серпін беретін келесі бағыттардың бірі – етті мал шаруашылығы. Облыста жыл сайын тұрғындардың қажеттілігінен 2 есеге артық ет өндіріледі (2022 ж. - 54 мың тонна). Өндірілген сапалы етпен Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және басқа да облыстарды қамтамасыз етіліп отыр. Құс етіне келер болсақ, қазіргі таңда облысты құс етімен қамту 66%-ды құрайды. Осы көрсеткішті жақсарту мақсатында, жылына 7,2 мың тонна құс етін өндіретін зауыт қуаттылығын 12 мың тоннаға дейін ұлғайтып жатырмыз. Нәтижесінде өңір халқын құс етімен қамту көрсеткіші 109%-ды құрайтын болады”, – делінген мәліметте.
Сондай-ақ мемлекет басшысының ауылды дамыту, ауыл тұрғындарының табыстарын арттыру бойынша берген тапсырманы орындау мақсатында "Ауыл аманаты" жобасын іске асырылуда.
“Биылғы жылы республикалық бюджеттен 6,4 миллиард теңге бөлінді. Осы қаржыға 742 микрокредит беріп, 787 жұмыс орны құрылатын болады. Облыс аумағында 235 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс жасап тұр. Осыған қосымша "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында 60 ауыл шаруашылығы кооперативінің қосылуы күтілуде. Қазіргі таңда өңірде 17,3 мың жұмыссыз адам тіркеліп, жұмыссыздық деңгейі 5,0%-ды құрап отыр. Соның ішінде жастар (15-28 жастағы) арасындағы жұмыссыздық 4,0% болса, NEET санатындағы жастар 4,9%-ды құрап отыр.Бүгінде "Aqjaiyq" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы несие беру жұмыстарын бастады. Несие алуға ұсынылған 257 өтініштің жалпы сомасы 1 млрд. 572 млн. теңгені құрап, несие беру жұмыстары басталды.
Одан бөлек, жастарды қолдау мақсатында 238 адамға 5 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде жалпы сомасы 1,2 млрд. теңгеге жеңілдетілген несие берілуде (40 адамға берілді)”, – делінген әкімдік хабарламасында.
Сонымен қатар "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту" Ұлттық жобасы аясында биылғы жылы 405 адамға 1,4 млн.теңге мөлшерінде жалпы сомасы 570 млн. теңгеге жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант берілуде (бүгінгі күні 128 адамға берілді).
Қазіргі таңда облыс деңгейінде жұмыспен қамту органдары арқылы 10 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты, соның ішінде 4 мыңға жуығы жастар.
Қорытындылай келе, жоғарыда баяндалған мемлекеттік бағдарламалар және Өңірлік жұмыспен қамту картасы арқылы өңірімізде 28,2 мың жұмыс орындарын құру жоспарлануда.
Соның ішінде 11 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны, 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны, 6 мыңнан астам уақытша жұмыс орны және 600-ге жуық мүгедектігі бар тұлғаларды жұмыспен қамтылатын болады.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған