Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент саябағында адам қағып өлтірген 19 жастағы қызға сот үкімі шықты

Ақтөбедегі президент саябағында жол апатын жасаған 19 жастағы студент қызға сот үкімі шықты.

Бұл туралы “Диапазон” хабарлайды.

Жол апатын жасаған Жұбанов атындағы университетте оқитын 19 жастағы Сезім Самұрат 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Айыпталушы соңғы сөзінде қайтыс болған қыздың туыстарынан кезекті рет кешірім сұрады.

“Бүгін менің тағдырым шешіледі. Сюзанна Гамидованың отбасынан кешірім сұрадым. Олар маған кешірім берді. Мені бас бостандығымнан айырмауды сұраймын”, – деді айыпталушы.

Еске салсақ, 7 шілдеде “Сузуки” маркалы көлікті тізгіндеген қыз саябақтың металл қоршауын бұзып өтіп, екі адамды қаққан еді. 18 жастағы Сюзанна Гамидова сол жерде көз жұмды. Қостанайдан келген оның жігіті көптеген жарақаттар алған. Сонымен қатар, апаттан айыпталушының өзі де зардап шеккен. Сот-медициналық сараптамасы көрсеткендей қыз сағатына 91 шақырым жылдамдықпен жүрген.

Мемлекеттік айыптаушы Сезім Самұратты кінәлі деп танып, оның көлік жүргізу құқын 5 жылға шектей отыра, 2 жыл 6 ай жаза кесуді сұрады. Ал қайтыс болған қыздың отбасы айыпталушыны кешіргендерін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбе полициясы көшеден табылған панасыз балалардың туыстарын іздеп жатыр

Жомарттықтың зияны: БҚО-да бейтаныс адамға қоңырау шалуға берген әйел телефонсыз қалды

Қазақстанда зейнетақы төлеудің жаңа ережесі енгізіледі

Нашақорлық дертке тап болған астаналық шенеунік басынан өткен оқиғаны баяндады

Талқылау