Президент салықты 10 есе қысқартуға тапсырма берді
Елбасы салық жүктемесін қысқартуды тапсырды.
Бүгін елбасының қатысуымен өткен Қазақстан Республикасының парламенті палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы жалақысы төмен азаматтардың салық жүктемесін 10 есеге қысқартуды тапсырды, деп жазады baq.kz.
«Екінші бастама – салыстырмалы түрде төмен жалақы алатын қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1% салық алуды ұсынамын. Бұл айына минималды есептік көрсеткіштің 25 есе көлемінде жалақы алатын азаматтарға қатысты қолданылатын болады. Мұндай төмендеу арқылы қаражаттың салықтан босатылуы олардың еңбек ақысы ұлғаюына бағытталуы керек», – деді елбасы.
Тағы да оқыңыз:
Назарбаев: Ел мен жердің иесі ретінде Қазақстанда бәріне қазақ жауапты
ОҚО-да кәсіпкер 50 млн теңгеге туған ауылына балабақша салып берді