Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді деген норма нақты белгіленуі қажет – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби заңгерлер тарапынан Конституцияға қатысты пікір көп екенін айтып, мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметінен кетсе, сайлау өткізу жайлы норманы бекіту керегін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент заңгерлер тарапынан мемлекет басшысын сайлау мәселесі бойынша маңызды ұсыныс бар дейді.
“Қазіргі Ата заңға сәйкес, президент өз міндетін атқара алмайтындай оқыс жағдай туындаса, оның өкілеттігі қалған мерзімге сенат төрағасына беріледі. Сенат төрағасының мемлекетті басқаруға мүмкіндігі болмаса, президент өкілеттігі белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті лауазым иелеріне өтеді. Бұл ретте, мәселенің бәрі "қалған мерзімге" деген сөзге келіп тіреледі, осы мәселені ерекше атап өткен жөн. Басқаша айтсақ, "қалған мерзім" 6 айға да, 6 жылға да созылуы мүмкін. Сондықтан, мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді деген норма негізгі заңда нақты белгіленуі қажет”, – деді ол.
Тоқаевтың сөзінше, бұл қадам халықаралық озық тәжірибеге сай келеді.
“Еліміздің кез келген басшысы билікке сайлау арқылы, яғни, заңды түрде келуі керек. Бұл – мен үшін мызғымас ұстаным. Осы норма кейінгі мемлекет басшылары үшін де еш өзгермейтін қағида болуға тиіс!” – деп түйіндеді президент.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік