Президент медициналық университет студенттерінің стипендиясын көтеруді тапсырды
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық университеттерде оқитын студенттердің шәкіртақысын көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің стипендиясын көтеру туралы шешім қабылдадық. Бұл қадам өз жемісін берді. Сондықтан медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет", - деді мемлекет басшысы.
Бұған қоса, ол елімізде қашықтан оқыту жүйесін оңтайландыруға орай енгізілген тариф жайлы да пікір білдірді.
"Мобильді операторлардың "Білім" тарифі карантин уақытында қашықтан оқытуға кеңінен жол ашты. Соның арқасында Қазақстанның 600 білім беру ресурсын шектеусіз пайдалануға мүмкіндік туды", - деді Тоқаев.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды