Президент Қызылордадағы жаңа футбол стадионын аралады
Фото:Aqorda
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барып, жаңадан салынған спорт нысанымен танысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құрылыс жұмыстары биыл қазан айында аяқталған. 11 мың көрерменге арналған арена UEFA талаптарына сай IV санат бойынша салынған. Мұнда халықаралық деңгейдегі футбол матчтарымен қатар, түрлі мәдени және спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік бар.
Жаңа спорт кешенінде футболдан бөлек бокс, күрес, спорттық гимнастика, ауыр атлетика және басқа да спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары қарастырылған.
Президент сапар барысында "Қайсар" футбол клубының ойыншыларымен әңгімелесті.
"Қайсар" – елімізде жеке меншікке өткен алғашқы клубтардың бірі. Алдағы уақытта футбол академиясы салынады. Клубтың келешегі жарқын болады деп ойлаймын. Баршаңызға табыс тілеймін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы футбол добына қолтаңба қойды.
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?