"Іштей күйіп бара жатса да, сыртқа көрсетпеуі мүмкін": Айсұлтанның өлімін Нұрсұлтан Назарбаев қалай қабылдады
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Айсұлтан Назарбаевтың өлімін атасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қалай қабылдағаны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Дәурен Абаев Айсұлтан Назарбаевтың өлімі туралы бірнеше пікір білдіргенін айтты.
"Бұған дейін мен бұл туралы да айтқанмын. Әр адам осы нәрсе жайлы сөз қозғағанда өз баласы мен өз немересін еске алсын. Туған немересіне қатысты қалай қабылдайды, ол кісі де (ред. – Н. Назарбаев) дәл солай қабылдады", – дейді Абаев.
"Ол президент пе, қарапайым қызметкер ме, кім болсын, баласы мен немересіне қатысты барлығы бірдей қабылдайды деп ойлаймын. Президент басқаша қабылдайды деген сөз жоқ. Көрсете ме, көрсетпей ме, бұл екінші жағы. Іштей күйіп бара жатса да, сыртқа көрсетпеуі мүмкін", – деп қосты министр.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті