Президент Абай облысының әкіміне сөгіс жариялады
Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін сөгіс жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Он төрт адамнан айырылып қалдық. Бұл не сізге, ойыншық па? Олар қызметтік борышын атқара жүріп қаза тапты. Қазір сіздің міндетіңіз – Үкіметпен бірге менің азаматтарға берген барлық уәдемнің орындалуын қадағалау. Сөз бен іс қабысу керек. Иә, мен көңіл айттым. Бірақ адамдарға нақты көмек көрсетілуі тиіс", – деді Мемлекет басшысы.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстағы жедел штаб отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіковтың баяндамасын бөліп, жұмысын сынға алғаны хабарланды.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді