Премиум санаттағы көліктер мен бірнеше пәтер: Перизат Қайраттан қандай мүліктер тәркіленді
Фото: Қаржы мониторингі агенттігі
25 шілдеде сот ірі көлемде ақша жымқырды деп айыпталған Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты үкім шығарды. Сондай-ақ сотталушылардың мүлкі тәркіленетін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкім аясында сот ұрланған ақшаға алынған мүлікті тәркілеу туралы шешім шығарды. Атап айтқанда:
- Vela Village коттедждер қалашығындағы тұрғын үй;
- Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold, "Көк Жайлау" тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер, тұрақ орнымен қоса;
- премиум санаттағы автомобильдер: Mercedes-Benz S450 (2024 ж.), Lexus LX 600 (2024 ж.), Mercedes-Benz EQE 500 4Matic (2023 ж.), Haval H6 GT (2024 ж.);
- "Rebel Flowers" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 100% үлесі;
- 97 млн теңгеден және 22 мың АҚШ доллардан астам ақша.
Еске салсақ, 25 шілдеде судья Сабыржан Кәрімов Перизат Қайратты кінәлі деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Оның анасы да кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол сот залында қамауға алынды. Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейді.
Тергеу деректері бойынша, 47 адам жәбірленуші ретінде танылған.

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
