Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов ұсталды
Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды”, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.
Заңға сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ерлан Қожағапанов 2021 жылдың сәуірінен бастап қыркүйек айына дейін мәдениет және спорт вице-министрі қызметін, ал 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың сәуір айына дейін премьер-министрдің кеңешісі қызметін атқарған.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті