Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Премьер-министр Елбасының сынынан кейін үкіметтің сенбілік отырысын өткізді

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Елбасының сынынан кейін үкіметтің сенбілік отырысын өткізді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Сурет: primeminister.kz

Отырыс барысында қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың, ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің, инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің, энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың, білім беру министрі Е. Сағадиевтің Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау мәселелері жөніндегі есептері тыңдалды.

Сондай-ақ талқылауға Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасарлары Өмірзақ Шөкеев, Ерболат Досаев, Асқар Жұмағалиев және “Атамекен” ҰКП басқарма төрағасы Асқар Мырзахметов қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдардың әр басшысының жеке жауапкершілігін атап өтіп, нақты тапсырмалар берді.

Оқи отырыңыз:

Жаңа тағайындалған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі туралы не білеміз?

Назарбаев министрге: Мына жұмыстан шаршадың ба әлде? 

Теміртаудағы қыз өлімі: Туыстары 10 жасар Ксенияның қауіпті ойынға кіргеніне сенбейді 

Ақтөбеде жалақы алмаған тәрбиешілер білім бөліміне басып кірді 

Талқылау