Премьер-министр: бұл бәрімізге де соңғы ескерту болсын
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысында министрліктерге соңғы ескерту жасады.
“Елбасының Жолдауында айтылған сынды бәріміз үшін соңғы ескерту деп білуіміз керек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ғана жұмысты соңына дейін атқармай жатыр демей, өңірлер де бұл жұмысқа атсалысуы керек. Бұл, барлығымыз – үкімет те, өңірлер де, әкімдіктер де жұымла жұмыс істеу керек”, -деді Сағынтаев.
Премьер-министр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне керек болса ай сайын Үкімет алдында жиналыстар өткізетінін айтты. Министрлікпен бірге, жеке блокта өңірлердің де есебін тыңдайтын боламыз, деді ол.
Сағынтаев міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу үшін 2018 жылдың соңына дейін жұмыспен қамту секторын цифрландыруды аяқтауды тапсырды.
Бұдан бұрын президент халықты жұмыспен қамту бойынша атқарылған жұмыстарды сынап, министрліктің жауапкершілігі аздығын ескерткен еді.
Тағы оқыңыз:
Бельгияда өлгендердің күлін тыңайтқышқа қолдану ұсынылды