Қазақстандық YouTube-тағы балаларға арналған қазақ тіліндегі арналар қауіпті екенін айтып дабыл қақты
Фото:threads.com/@aayakaii
Қазақстандық ата-аналар YouTube-тан балаларға қазақ тілінде видеолар көрсетудің қауіпті екенін айтып, дабыл қақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі қолданушысы қазақстандық ата-аналарды балалардың телефоннан не көретініне аса мұқият болуға шақырды.
“Қызымның YouTube-та не көретінін қадағалап отырсам, кейбір қазақстандық балалар арналары шын мәнінде қауіпті екен…Иә, бәріміз телефон мен теледидардың зиян екенін білеміз. Бірақ күн сайын кемінде 1 сағат көруге рұқсат береміз. Қызым көбіне YouTube Shorts көреді. “Қазақша көрсін” деп қазақстандық балалар каналдарын ашып беріп едім… өкіндім. Біріншіден, өте көп пранк жасайды. Бір күні менің де қызым өкіріп жылап отыр. Шошып жанына барсам “Пранк” деп айқайлайды. Менің қызым не бәрі 3-те. Екіншіден, сөз-саптаулары өте нашар. “Папаң келген соң өлтіреді”,”сен есуас,”ешак”. Маған бұл тақырыпты қозғауға себеп болған сөз “д*****б”. Қызым мәз болып айтып жүр. Иә, біз ата-ана ретінде мұны қадағалау керек”, – деп жазды желі қолданушысы.
Фото:threads.com/@aayakaii
Жазба авторы көп ата-ананың балаларға қазақша контет көруге рұқсат беріп, қателесіп жүргенін жеткізді. Айтуынша, YouTube алгоритмінде бұғаттау жоқ, тіпті бұғаттаса да сол контент шыға беретін көрінеді. Сол үшін тек балаларға арналған YouTube қосып беру керек деп кеңес берді.
Фото:threads.com/@aayakaii
Автордың бұл жазбасы көптеген желі қолданушыларын алаңдатып қойды. Арасында қазақша контеттің қауіпті екенінен сезіктенгендер де бар.
“Ақша үшін не түсірмейді?!”, “Мұндай контент барын білмеппін”, “Сұмдық, шағым түсіріп, жауып тастау керек”, “Сөйлегендері де ерсі .“Ема”,“типа” дегенді әр сөзіне қосады. Менде балама көруге рұқсат бермеймін”, “Апкешка и братишка” деген бар тағы. Соқталдай еркек ойыншықтармен ұрысып, сөйлесіп төбелесіп отырады”, “Бала көретін нәрсе емес, жай қоқыс”, “Қаншама қаралым жинаған?!”, “Дөрекілікке, қатыгездікке, ашушаңдыққа тек топастыққа үйретеді”, – деп ашынды ата-аналар.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
