Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

PR Forum Astana 2025: Астанада мемлекеттік коммуникациядағы "үйлесімдік" пен саланың жаңа трендтері талқыланбақ

2025 жылғы 26 қыркүйекте Астанада PR, стратегиялық коммуникациялар, медиа және GR саласындағы жетекші мамандар дәстүрлі PR Forum Astana 2025 алаңында бас қосады. Форумның тақырыбы – сапалы әрі ашық коммуникациялар.

Басқосу мемлекеттік коммуникациядағы репутация институты, баспасөз қызметтерінің рөлі мен мәртебесі, кадр даярлау сапасын арттыру және кәсіби стандарттарды жетілдіру, қоғам құндылықтары мен cancel culture,  дағдарыстық кейстерді талдау, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын енгізу секілді өзекті мәселелерді талқылауға арналмақ.

Дискуссияларға мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары, ұлттық компаниялар мен бизнес өкілдерінің PR директорлары, тәуелсіз сарапшылар қатысады.

Бағдарламада: панельдік пікірталастар, мастер-кластар, фасилитациялық сессиялар және басқа да форматтар қарастырылған.

Күні: 2025 жылғы 26 қыркүйек

Уақыты: 08:30 – 18:00

Өтетін орны: Hilton Garden Inn Astana (Қабанбай батыр даңғ., 15)

Тіркеу: https://prforum.kz/

Стратегиялық коммуникациялар саласындағы ең ауқымды шараға қатысып, жаңа пайдалы байланыстар орнату мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 18 Қыркүйек, 2025 18:18
Талқылау